Ғылыми басылымдардағы еңбектердің нәтижелері бойынша көтермелеуге Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушы-профессор құрамы мен қызметкерлерінен өтініштер қабылдау жалғасады

«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушы-профессор құрамы мен қызметкерлерін ғылыми басылымдардағы еңбектерінің нәтижелері бойынша көтермелеу шаралары туралы» Ереженің (электрондық нұсқасын www.enu.kz сайтының Ғылым→Impact factor тармағынан қарай аласыз) 8.4 тармақшасына сәйкес авторлардан өтініш қабылдау жалғасатындығын және қабылдаудың соңғы күні 2019 ж. 29 қараша екендігін хабарлаймыз.

Көрсетілген мерзімнен кеш тапсырылған өтініштер комиссия отырысында қаралмайды.

Өтініштер Ғылым бөлімі 408 каб. (ОӘҒ) қабылданады.