5 қарашада «Журналистика және ақпарат» кадрларды даярлау бағыты бойынша РОӘК ОӘБ отырысы өтеді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Журналистика және ақпарат» кадрларды даярлау бағыты бойынша «Білім беру бағдарламаларын жобалау және жүзеге асырудың өзекті мәселелері» тақырыбына 2019 жылы 5 қарашада РОӘК ОӘБ отырысының өтетіндігі жөнінде хабарлайды.

Өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сәтпаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимараты, 259 аудитория

Қатысушыларды тіркеу уақыты – 9.30

Басталу уақыты – 10.00

Күн тәртібі:

1. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында 2019-2020 оқу жылына Жобаларды басқару тобының жұмыс жоспарын және құрамын дайындау және бекіту

2. Білім беру бағдарламаларын жобалауда жұмыс берушілер мен стейкхолдерлердің талаптарын ескеру және олардың Реестрге енгізілу маңыздылығын назарға алу

3. Білім беру процесін цифрландыру құралы ретінде ашық онлайн курстарының дидактикалық материалдарын құрастыру

4. Білім беру бағдарламаларында ЖОО компоненттерінің мазмұны мен элективті пәндер каталогын өзектендіру

5. Әр түрлі

Байланыс үшін: РОӘК ОӘБ ғылыми хатшысы Кулмаганбетова Альмира Саркытбековна, 8 (717-2) 709500 (ішкі 31-117).