Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әралуандықтағы бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылар форумы

Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әралуандықтағы бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылар форумына қатысуға шақырамыз.

Форум 2019 жылғы 31 қазанда өтеді.

Форум көпмәдениетті қоғам, татулық пен келісімді қамтамасыз етудегі мәдениетаралық диалогты нығайту феноменін, ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың әралуандықтағы бірлікті дамытуға қосқан үлесін, этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияларды зерттеу нәтижелерін талқылау және ой бөлісу мақсатында өткізіледі.

Форум бағдарламасына Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған мультимедиялық таныстырылым; Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың ҚХА Ғылыми-сарапшылық топтарының, ҚХА кафедраларының қызметі мен бағыттары бойынша стендтік таныстырылымдар, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар және экскурсия енгізілген.

Дискуссиялық панельдер:                                                                              

1. «Көпэтносты қоғамдағы диалог және тиімді коммуникациялар» пікірталас алаңы.

2. Жастардың көпэтносты қоғамдағы рөлі: TEDx форматындағы пікірталас.

3. Қазіргі заманғы этнодемографиялық үрдістер: перспективалар мен мәселелер.

Форумға қатысуға халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар, жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері шақырылады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

Тезистер taukibaeva.sh@qkelisim.kz және moldabekova.a@qkelisim.kz электронды поштаға «ФОРУМ» белгісімен жіберілуі міндетті.

Анықтама телефондары: 8 (7172)741288, 741228

Өтінімдерді 2019 жылғы 25 қазанға дейін жіберуді сұраймыз.

 

Ақпараттық хат