«Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналған «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Құрметті әріптестер!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 2019 жылғы 15 қараша күні «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналған «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференцияда жаһандық медиакеңістіктегі жаңалықтар мен өзгерістер, бұқаралық коммуникация мәселелері, газет нарығының қыр-сыры, журналистика жанрларының бүгінгі түрлену үдерісі жайлы талқыланады.

Конференция жұмысы төмендегі секциялар бойынша жүргізіледі:

1. Баспасөз тарихын зерттеудің өзекті мәселелері

2. Журналистика жанрларының бүгінгі үдерісі

3. Бұқаралық коммуникация және ақпарат беру, қоғаммен байланыс әдістері

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. Конференцияның тезистер жинағы баспадан шығарылады.

Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетінемына электронды пошта kafedra.pg@yandex.ru арқылы төменде көрсетілген тізімдегі құжаттарды ұсыну қажет:

1.    Конференцияға қатысуға арналған өтінім

2.    Баяндама материалдары

Авторға (конференция қатысушысы) оның материалдарының қабылданғандығы туралы хабарлама 2019 жылдың 10 қарашаға дейін жіберіледі. Рецензиядан өтіп, қабылданған баяндамалар конференция қарсаңында жария етіледі. Конференция жұмысына сырттай қатысу қарастырылады.

Анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 70-95-00 (ішкі 35-306).

Іссапар шығындары жіберуші тараптан немесе конференцияға қатысушының есебінен жүргізіледі.


Ақпараттық хат