Құрметті әріптестер!
Сіздерді Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА РУХАНИЯТЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция 2019 жылдың 5 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті аудиториясында» өтеді (бас ғимарат, 2-қабат, № 208 ауд.).
Конференция жұмысына мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, алыс және жақын шетелдерден ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Ә. Кекілбаев – мемлекет және қоғам қайраткері (аймақтану, саясаттану, халыкаралық қатынастар).
2. Ә. Кекілбаевтың көркемдік-эстетикалық әлемі және қазіргі қазақ әдебиеті (әдебиеттану, тіл білімі, өнертану).
3. Ә. Кекілбаев және ұлттық дүниетаным (философия, мәдениеттану, әлеуметтану, психология, педагогика).
4. Ә. Кекілбаев және жалпыадамзаттық құндылықтар (қоғамдық- гуманитарлық ғылымдар).
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
2019 жылдың 25 қарашасына дейін kamal.mari83@mail.ru электронды поштасына конференцияға қатысу туралы өтінім мен баяндама (мақала) мәтіні жолдануы қажет.
Қабылданған баяндамалар (мақалалар) конференция қарсаңында жинақ түрінде жарық көреді.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 709500 (ішкі: 31-427; 31- 425).