ICITE– 2019. «Өндірістік технологиялар және инжиниринг» атты VI Халықаралық жыл сайынғы конференциясы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Өндірістік технологиялар және инжиниринг– ICITE – 2019» атты VІ халықаралық жыл сайынғы конференциясы өтеді.

Конференция 2014 жылдан бастап жылына бір рет өткізіледі. 2017 жылдың мамыр айында конференция материалдарын Scopus базасына ендіру үшін өтініш берілді. (тіреку нөмері №376027B2652A92F9).

Конференция жұмысына қатысуға Қазақстан Республикасы мен шет елдердің ғылыми зерттеулерде маңызды нәтижелері бар жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары және өндіріс өкілдері шақырылады.

Конференцияның мақсаты химиялық технология, нано және биотехнология, агроөнеркәсіптік кешен және тамақ индустриясы, тоқыма өнеркәсібі технологиялары, механика, экология және табиғатты тиімді пайдалану, жаңартылатын энергетика және энергия үнемдейтін технологиялар, IT-технологиялар, әлеуметтік-экономикалық даму және инженерлік білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылау болып табылады.

Ғылыми бағыттар:

1. Минералды шикізат өндіру және қайта өңдеудегі ғылым мен технологиялар

1. Мұнай мен газды өндіру және барлау
2. Мұнайды терең қайта өңдеу және мұнай химиясы
3. Полимерлер химиясы және физикасы
4. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, силикатты материалдар және металлургия

2.Технологиялар мен техниканы дамытудың өзекті мәселелері

1. Агроөнеркәсіп кешенінінің даму перспективаларыжәне тамақ индустриясы
2. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің заманауи технологиялары мен жабдықтары
3. Механика және машина жасау, көлік және логистика
4. «Жасыл» құрылыс, технологиялар мен материалдар

3. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар

1. Физикажәне математика ғылымдарысаласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер
2. Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу (Software Engineering)

3. IT-технологиялары және өндірісті автоматтандыру
4. ГАЖ технологиясы

4. Экология және табиғатты пайдалану

1. Су ресурстары және оларды тиімді пайдалану
2. Орталық Азия мен Қазақстандағы топырақ құнарлылығын арттыру
3. Қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық және аймақтық мәселелері
4. Туризм индустриясы және геосаябақтарды дамыту

5. Жаңартылатын энергетика және энергия үнемдеу технологиялары

1. Гелиоэнергетикадағы заманауи технологиялар
2. Жел энергиясындағы инновациялық бағыттар
3. Биогазды технологиялардың даму перспективалары
4. Суэнергетикасының даму қарқыны және өзекті мәселелері
5. Green Design және энергия сақтаушы сәулет

6. Нано- және биотехнологиялардың қазірғі жағдайы мен болашағы

1. Қолданбалы нанотехнология және наноқұрылғылар
2. Наноматериалдар мен нанокомпозиттерді алудың заманауи бағыттары
3. Биотехнология және биоматериалдар саласындағы жетістіктер

7. Зияткерлік әлеует

1. Зияткерлік әлеуетті дамытудың факторы ретінде инженерлік білім беруді жаһанданыру

2. Білім сапасының менеджментін жетілдіру
3. Білім берудің әдістері және заманауи инженерді кәсіби дайындау
 Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, ағылшынша, орысша  

Конференция жайлы толық ақпарат алу үшін www.icite.ukgu.kz конференция сайтына кіруіңізді өтінеміз.

 

Ақпараттық хат