Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және химия, биология, биотехнология мамандығының оқытушы-профессорлар құрамы!

Сіздерді 17 қазан 2019 жылы 16:00-де Қолданбалы химия институті, Оқушылар сарайы, Б. Момышұлы к-сі, 5, мәжіліс залында (сары шеңбер) өтетін семинарға шақырамыз.

Buddha Bahadur Basnet, PhD, Molecular Laboratory Scientist (Surya Diagnostic and Research Center, Kathmandu, Nepal), «Bioprospecting of medicinal plants and lichen Fungi for antimicrobial compounds (antibiotics)» тақырыбына семинар өткізеді. Семинар ағылшын тілінде жүргізіледі (сұрақтарыңызды кез келген тілде қоя аласыздар).

Buddha Bahadur Basnet микробиология бакалавр дәрежесін (2008) және биотехнология магистрі дәрежесін (2010) алды (Tribhuvan University, Непал). 2019 жылы ол Қытай ғылым академиясының микробиология институтында микробиология бойынша докторлық диссертация қорғады. Ол жоғары индиксі бар 12 мақаланың авторы, UNESCO-Great wall Co-sponsored fellowship 2014 -2015 (Senior Scholar) және CAS-TWAS President Fellowship 2015-2019 (PhD fellowship)
гранттарының иегері.

Қызығушылық танытқан жағдайда тіркеу формасын және сертификат үшін (қажет болған жағдайда) төлеу туралы чекпен бірге syerlan75@yandex.kz электронды мекен-жайыма жіберу сұраймын.