«Ұлы дала логистикасы-2019» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақстан көлік одағы KAZLOGISTICS, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, ELA Еуропалық логистикалық қауымдастығы және «Тұран» университеті сіздерді 2019 жылы 16-18 қазанда Алматы қ. Тұран университетінде өтетін «Ұлы дала логистикасы-2019» атты бірінші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция жұмысына логистика саласындағы көрнекті ғалымдар мен мамандар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің бизнес-құрылымдары өкілдері қатысады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Логистиканың заманауй өзекті мәселелері

2. Халықаралық транзит: инновация және тиімді басқару

3. Логистика саласындағы кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері мен болашағы

4. Маркетинг пен логистиканың өзара іс-қимылының заманауй аспектілері

Конференцияға қатысу формасы:

– пленарлық баяндама жасау;

– секциялық баяндама жасау;

– постерлік сессияға қатысу;

– баяндамасыз мақала жариялау.

Конференция материалдарының жинағы ISBN халықаралық индексімен шығарылады.

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Мақалаларды тапсыру мерзімі – 2019 жылдың 5 қазаны. Ұйымдастыру комитеті ресімделуі талаптарға, конференцияның тақырыбына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кеш жөнелтілген жұмыстарды қабылдамауға құқылы

Ұйымдастырушылық мәселеллер: конференцияға қатысу-тегін.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сатпаева, к-сі, 16А Тұран Университеті.

Тел.: + 727 293-53-10, вн. 178, 243, факс: +727 293-52-92.

E-mail: conference.mil@gmail.com.

 

Ақпараттық хат