«Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» IХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Сіздерді 2019 жылғы 7-9 қарашада Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында, әлемдік ядролық индустрияның барлық компанияларының ғылыми-техникалық интеграциялануына жәрдемдесу мақсатымен өтетін «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» IХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның басты міндеті – халықаралық ғылыми қоғамдастықтар мен озық материалдар, техника және жабдықтар өндірушілерге Қазақстанның және басқа елдердің атом саласы кәсіпорындарын тұрақты дамыту мақсатында өзекті ғылыми-технологиялық міндеттерді талқылау және оларды шешу үшін мүкіндіктер ұсыну.

Алдағы Конференцияда атом саласының: уранның минералдық-шикізаттық базасын болжау және барлау әдістерінен бастап, табиғи уранды өндіру және оны өңдеу, одан әрі қарай конверсиялау және байыту, ядролық отын өндірісі және энергия мен ресурсты сақтау, білім беру, құқықтық және экономикалық аспектілерді қоса, атом саласы кәсіпорындарының қауіпсіз жұмыс атқаруы өзекті мәселелерін талқылау жобаланып отыр.

Атом индустриясы әлемдік компанияларының ғылыми-техникалық әлеуетін, ғылыми орталықтарының инновациялық әзірлемелері мен жоғары білікті мамандарының тәжірибесін интеграциялау табысты дамудың және атом саласы компаниялары жұмысының тиімділігін жоғарылатудың, үнемі өзгеріс үстіндегі нарық жағдайларында қолданыстағы өндірістердің бейімделуінің кепілі болып табылады.

 

Ақпараттық хабарлама