Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде өтетін Университеттің құрылғанына 20 жыл толуы мен ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, ҚР ҰЖҒА мүшесі, х.ғ.к. К.П. Қуатбекованың 75-жылдық мерейтойына арналған «ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИНТЕРНАЦИОНАЛИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Ұйымдастырушылар: Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Қазақстан), Жоғарысилез экономикалық университет (Польша), Нидэ Омер Халисдемир атындағы университеті (Түркия), Ресей халықтар достығы университеті (Ресей), И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университеті (Ресей), И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан), И. Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті (Қырғызстан), М. Ұлығбек атындағы Өзбекістан ұлттық университеті (Өзбекстан), Ташкент химия-технология институты (Өзбекстан), Академик М.С. Осими атындағы Тәжік техникалық университеті (Тәжікстан), Тәжік педагогикалық институты (Тәжікстан), Түркістан облысының Қазақстан халықтар ассамблеясы (Қазақстан).
Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 32 үй, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ғимараты.
Өткізу уақыты: 24-25 қазан 2019 ж. сағ. 10.00. Қонақтар мен қатысушыларды тіркеу: сағ. 09.00.
Конференцияда келесі ғылыми секциялар өз жұмысын жүргізеді:
1. Білім беру жүйесінің инновациялық әдістері;
2. Әлеуметтік-гуманитарлық білім мен ғылымның даму перспективаларын интернационализациялау;
3. Жаһандану жағдайында қоғам дамуының құқықтық аспектілерін жетілдіру мен экономиканың модернизациясы;
4. Химия ғылымындағы, химиялық және мұнай-химиялық өнімдерді қайта өңдеудегі заманауи көзқарастар;
5. Өнеркәсіптік технология мен инжинирингтің даму мәселелері;
6. IT технология – сапалы білімнің негізі.