«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсын өткізу туралы

Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі. 

Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқыту шылары болып табылатын, Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2019 жылғы 28 қазаннан 1 қарашаға дейін. 

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 

1)  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға нысан бойынша өтінім; 

2)  сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3)  жылдық жұмыс жоспар-кестесі; 

4)  ЖОО ғылыми кеңесінің ұсынымы; 

5)  жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы; 

6)  жеке куәліктің көшірмесі; 

7)  карточкалық базадағы қолданыстағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама. 

Құжаттарды электрондық түрде толтыру туралы ақпарат конкурстың дербес электрондық мекенжайы тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz) сайтында орналастырылады.

Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 11-кіреберіс, 645-кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 742527.

http://www.edu.gov.kz/kz/grazhdanam/detail.php?ELEMENT_ID=12199&&&#