«V Оразов оқулары: Түркі өркениетінің ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылдың 30 қазан күні жыл сайынғы «V Оразов оқулары: Түркі өркениетінің ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Бұл конференция түркітанушы ғалым, академик Мейірбек Оразовтың құрметіне арналған бесінші «Оразов оқулары» аясында өткізілуде.

Конференцияға Қазақстан Республикасы мен шет елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының беделді ғалымдары шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы үйі. Сағат: 11:00. Конференция қонақтарын тіркеу – 10:00.

 

Ақпараттық хат