Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Марат Оспановтың егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ролі» атты халықаралық қатысымдағы ғылыми-теориялық конференция

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ 2019 жылдың 1 қарашасы күні «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мен Қазақстан Республикасындағы Жастар жылы аясында, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Марат Оспановтың егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ролі» атты халықаралық қатысымдағы ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсатты аудиториясы: ғалымдар, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер.

Конференция секциялары:

1. Марат Оспанов – саясаткер, ғалым-экономист, қоғам қайраткері

2. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы: әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың қазіргі ахуалы мен келешегі

3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және оның қазіргі кезеңдегі қоғамды дамыту мен реформалаудағы ролі

Өткізілу орны: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68.

Өткізілу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдары конференцияның арнаулы электронды жинағында жарияланатын болады.

 

Ақпараттық хат

Конференцияның мерзімі өзгертілгендігі туралы хабарлама