Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» атты байқауы

Құрметті студенттер!

Сіздерді биылғы Жастар жылы аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!»  атты байқауына қатысуға шақырамыз. Оған барлық ниет білдіруші студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады. 

Байқауға қатысу үшін жеке зейнетақы шотын ашып, зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және ерікті зейнетақы жарналарын төлеуді дамыту керектігі туралы ақпаратты әрбір қазақстандық азаматқа тиімді жеткізу бойынша жоба әзірлеу қажет. Бұл жоба – мақала, бейнеролик, анимация, коллаж, ұялы қосымша немесе компьютер мен ұялы телефондарға арналған қандай да бір ойын ретінде болуы да мүмкін. Ең бастысы – ол болашақ салымшыларды қызықтырып, баурап алуы тиіс.     

Осылайша біз қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері арасынан ең үздіктерді анықтаймыз. Ал үздік идеялар үшін бағалы сыйлықтар қарастырылған. Олардың ішінде ұялы телефондар, планшеттер және басқа да сыйлықтар бар. Ол болашақта кәдеге асуы мүмкін!

Толық ақпарат Қордың www.enpf.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлімі мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында. Жұмыстарды, бейне сәлемдесу, арнайы нысан бойынша қатысушының өтінімі, сондай-ақ суреттер мен фотосуреттерді student@enpf.kz электрондық поштасына  жіберу керек. Сұрақтар туындаған жағдайда «БЖЗҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментіне 331-66-99 (ішкі 5220) телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.