Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекет сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нүрпейісовтің 95 жылық мерейтойына орай 2019 жылдың 22 қазанында «Әбдіжәміл Нүрпейісов әлемі: шеберлік феномені» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция жұмысының бағыттары:
1. Ә. Нүрпейісов және XXI ғасырдағы әдебиет пен өнер
2. Жазушы тұлғасы және қазіргі БАҚ мәселелері
Конференция жұмысы 10.00-де басталады. Нұр-Сұлтан қаласы, Сәтбаев көшесі, 2. ОӘҒ, 259 аудитория.
Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2019 жылдың 5 қазанына дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: 0100008, Нұр-Сұлтан қаласы, Янушкевич к-сі, 6, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы, 111 кабинет.
Электрондық пошта: zhurnalistika@yandex.kz; didigova@inbox.ru
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Мақаланы жариялау тегін.