«Білім беру ресурстарын жетілдіру: тәжірибе және болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы қазанның 18-19 күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Білім беру ресурстарын жетілдіру: тәжірибе және болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты: білім беру, оқу әдебиеттерін әзірлеу мен сапасын бағалаудың өзекті мәселелерін талқылау.

Конференцияның мақсатты аудиториясы:

–  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен оның бағынысты ұйымдарының, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, жоғары білім беру ұйымдарының, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру ұйымдарының қызметкерлері;

–  білім беру ресурстарын әзірлеуші отандық және шетелдік баспа өкілдері;

–  қазақстандық және халықаралық ғылыми орталықтардың өкілдері;

–  оқу әдебиеттерінің авторлары мен сарапшылары;

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Жаңартылған мазмұндағы оқу әдебиеттерін әзірлеу мен оқу процесіне енгізу: жинақталған тәжірибені талдау және оқу әдебиеттерінің сапасын жетілдіру келешегі.         

2. Оқу әдебиеттерін сараптау тетіктерін жетілдіру.

3. Электрондық білім беру платформаларын әзірлеу мен енгізу мәселелері.

4. 12 жылдық білім беру моделіне және латын әліпбиіне көшудің әдіснамалық мәселелері.

Конференция білім беруді дамыту мен беру ресурстарын жетілдірудің келесі өзекті мәселелерін талқылау алаңы болып табылады:

–  жаңартылған мазмұндағы оқу әдебиеттерін әзірлеу, сараптамадан өткізу және оқу процесінде қолдану барысында жинақталған тәжірибеге талдау жасау, туындаған түйінді мәселелерді талқылап, оларды шешу тетіктерін анықтау;

–  2020-2021 оқу жылында оқу процесіне енгізілетін 11-сыныпқа арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің жобасын пән мұғалімдеріне таныстыру, талқылау, ұсыныстар қабылдау;

–  оқу әдебиетінің электрондық нұсқаларын әзірлеудегі инновацияларды мұғалімдерге таныстыру және оларды оқу процесінде қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар беру;

–  12 жылдық білім беру моделіне және латын графикасына көшу жағдайында оқу әдебиетін әзірлеудің тұжырымдамалық және әдістемелік мәселелерін талқылау;

Конференция аясында «Сараптаманың институционалды және технологиялық әлеуетін арттыру мен стандарттарды (талаптарды) жаңарту арқылы оқулық сапасының ұлттық жүйесін жетілдіру» Дүиежүзілік банкпен бірлескен жобасының таныстырылымы ұйымдастырылады.

Конференцияның өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қорғалжын тас жолы 2а, «Думан» қонақ үй кешені.

Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдары бойынша электрондық форматта (PDF) ISBN берілген конференция жинағы шығарылады. Мақалаланы жинаққа енгізу үшін Мақала авторларына қойылатын талаптармен танысу қажет.

Конференцияға қатысу туралы өтінімді және ғылыми мақалаларыңызды төменде берілген үлгіге сәйкес 2019 жылғы 1 қазанға дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберу қажет: conference_2019@bk.ru

Конференцияның толық бағдарламасы өтініштер мен баяндамаларды қабылдап болған соң жасалып, қатысушыларға жіберілетін болады. Келіп түскен материалдар конференция тақырыбына және ресімдеу талаптарына сәйкес келмеген жағдайда немесе қабылдау мерзімі өтіп кеткен жағдайда ұйымдастыру комитеті мақалаларды жариялауға жібермеуге құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: 8(7172)76-90-36, 8(7172)76-90-61, 87054406874, 87072106415.

                                         

Ақпараттық хат

Мақала авторларына қойылатын талаптар

Өтінім үлгісі