Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы бойынша ІІ Республикалық студенттік олимпиада өткізіледі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Экономика факультетінің «Туризм» кафедрасы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында 26-27 қыркүйек күндері «Туризм» мамандығының білім алушылары арасында Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы (жаяу және тау туризмінің техникасы мен тактикасы) бойынша ІІ Республикалық студенттік олимпиада өткізеді. Олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық, мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің білім алушылары шақырылады.

Олимпиаданың мақсаты: жастарды туристік қызмет саласына тарту және «Туризм» бағыты бойынша білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.

 

Өткізу мерзімі: 26-27 қыркүйек 2019 ж.

Өткізілу орны:

– олимпиада ашылуы – Нұр Сұлтан қаласы, Қ. Мұнайтпасов көш. 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің №5 оқу – әкімшілік ғимараты.

– олимпиада өткізу орны: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Домбралы кенті “ARMAN”ТОК.

 

Олимпиаданы өткізу тілі – қазақша, орысша


Бағдарлама