«Сәкен Сейфуллин: тұлға және уақыт» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы Сәкен Сейфуллин атындағы қормен бірлесе отырып, белгілі мемлекет қайраткері және қазақ әдебиетінің классигі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай 2019 жылдың 24 қазанында «Сәкен Сейфуллин: тұлға және уақыт» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмысының бағыттары:

1. ХХ ғ.б. қазақ әдебиетінің дамуы және С.Сейфуллин шығармашылығы

2. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы мен дамуындағы С.Сейфуллиннің еңбегі

3. Ұлттық дәстүрлі мәдениеттің даму үрдістері.

Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2019 жылдың 5 қазанына дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қажымұқан көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, қазақ әдебиеті кафедрасы, 330 кабинет.

Электрондық пошта: kafedra_kzli@enu.kz; s-aituganova@mail.ru.    

 

Ақпараттық хат