2019-2020 оқу жылында Механика-математика факультетінде виртуальды мектеп құру жоспарлануда. Сол себепті кафедралардың мектептермен байланыстарын күшейтіп, мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Талапкерлерді 2020-2021 оқу жылында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға түсуге үгіттеу мақсатында университет «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе отырып Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің 11-сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) дайындық тестілеуін 2019 жылдың 15 қыркүйегі жылы тегін түрде өткізеді.
Тестілеуге «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы ұстаздары және механика-математика факультетінің ПОҚ қатысады.
Өтетін орны: ЕҰУ-дің №3 (ЦИСИ) корпусы, 119, 121 аудиториялар.
Механика-математика факультетінің деканы
Д. Қозыбаев