Байқаудың мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық ұстанымын және рухани мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау.
Байқауға Алаш қозғалысы тақырыбында зерттеулермен айналысып жүрген 18-35 жас аралаығындағы Қазақстан және шетел азаматтары өздерінің жұмыстарымен (алғашқы үш номинация – авторлық мақала немесе эссе, төртінші номинация – БАҚ өнімі) қатыса алады.
Байқау жұмыстары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.
Байқау төрт номинация бойынша өткізіледі:
1. Алаш қайреткерлерінің мемлекеттік туралы идеяларының қазіргі Қазақстан қоғамы үшін өзектілігі мен маңыздылығы:
– Алаш және парламентаризм;
– Алаш және дипломатия;
– Алаш және саяси партиялар;
– Алаш және мемлекетті басқару формасы;
– Алаш және демократиялық құндылықтар;
– Алаш және құқықтық сана, т.б.
2. Алаш ұстанымы және бүгінгі ұлттық экономика мен әлеуметтік саланы жетілдіру мәселелері:
– Алаш қайраткерлерінің көшпелі және отырықшы шаруашылық туралы пікірталасатыр;
– Қазақстанның шикізат қоры және өнеркәсіпті дамыту;
– Алаш және еңбек қоғамын қалыптастыру;
– Алаш және нарық;
– Алаш және салық мәселесі, т.б.
3. Ұлы дала жетістіктерін зерделеудегі Алаштың рухани мұрасының орны:
– Алаш қайраткерлерінің түркі әлемініің генезисі туралы зерттеулері;
– Алаш қаламгерлері шығармашылығындағы «Алтай», «Түркістан», т.б. киелі ұғымдардың бейнесі;
– Алаш және мәдени код;
– Алаш идеялары және ұлттық бренд, т.б.
Бақ журналистері үшін арнайы номинация
4. Бүгінгі заман контексіндегі Алаш:
– Публицистикалық мақалалар;
– Деректі фильмдер;
– Хабарлар:
– Репортаждар;
– Журналистік зерттеулер;
– Сұхбаттар;
– Ток-шоу шығарылымы.
Байқауға ұсынылатын жұмыстар 2019 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.