Саясат Нұрбектің «Есенов оқулары» бағдарламасы аясындағы қонақ Дәрісі


Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жас ғалымдар кеңесі университеттің ғылым бөлімінің қолдауымен Ш.Есенов атындағы «Есенов оқулары» ғылыми-білім беру Қоры аясында сіздерді Саясат Нұрбек қонақ дәрісінің тыңдаушысы болуға шақырады.

Саясат Нұрбек Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін үздік аяқтаған түлектердің бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі, National Geographic Kazakhstan компаниясының кеңесшісі, қазіргі уақытта BTSDigital-дың білім беру жобаларын басқарады.

Дәрістің тақырыбы: «Дің жасушалары немесе ғарыш: Қазақстандағы ғалым немен айналысуы керек?»(Стволовые клетки или космос: чем заняться ученому в Казахстане?). Бұл абстрактілі тақырыпты Дәріскердің өзі арнайы таңдаған, себебі бұл кез-келген ғылыми бағыттағы жас ғалымның өзекті мәселелерінің бірі. Дәріс барысында лектор бүгінгі жас ғалымдардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге тырысады және өзінің жетістікке жету жолы туралы әңгіме қозғайды.

Дәріс тыңдаушысы оның қорытындысы бойынша келесі сұрақтарға жауап таба алады:

• бүгінгі жастар үшін қандай әлеуметтік бағдарламалар бар?

• шетелге кету немесе Қазақстанда мансапты дамыту ма?

• бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие?

• жетістікке жетудің жеке жолы, құпия-сырлар және нұсқаулық.

Соған қоса, Лектоор дәріс барысында туындаған сұрақтарға жауап беруге дайын.

НАЗАР АУДАРАМЫЗ бонус! Дәріс соңында сұрақтарға дұрыс жауап берген ең мұқият тыңдаушыларға ЕҰУ-дің жас ғалымдар кеңесі (СМУ төрағасынан бастап) және Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру Қоры атынан шағын сый-сияпаттар беріледі!

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

Саясат Нұрбектің дәрісі 17 қыркүйек күні сағат 16:00-де университеттің бас ғимаратының 303 аудиториясында өтеді. Дәріске қатысу үшін сіздің деканатқа немесе факультетіңіздің жас ғалымдар кеңесінің төрағасына «Қатысушылар тізімі» бөліміне тіркелуіңіз қажет немесе қатысу туралы өтінішіңізді 2019 жылдың 15 қыркүйегіне дейін smu.enu@mail.kz поштасына жіберіп, «дәріске қатысу» тақырыбын белгілеңіз.

Дәріске қатысу тек тізімдер бойынша жүзеге асырылады!

Міндетті киім үлгісі: ресми, себебі Дәрістің бейнеролигі жүргізіліп, оны Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру Қорының YouTube каналына салады және де әлеуметтік желілерде белсенді түрде жариялайды.