«Жоғары білім миссиясындағы жаңа әлеуметтік өлшем» атты жаһандық конференция өтеді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының ректорлар Кеңесі, Қазақстандағы Эразмус + Ұлттық кеңсесі және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2019 жылдың 30 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында «Жоғары білім миссиясындағы жаңа әлеуметтік өлшем» атты жаһандық конференциясының өтетіні туралы хабарлайды.

Конференция Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Сәтпаев 2 көш., Нұр-Сұлтан қ.) негізінде өтеді.

Конференцияның мақсаты: жоғары білім берудің үшінші міндетін жаһандық әлемдегі университтердің жайғасымы мен оларды ел дамуының драйвері ретінде қарастыру тақырыбы аясында талқылау.

Конференция жұмысына халықаралық сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, шетелдік және қазақстандық университеттердің, жұмыс берушілер қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуы күтілуде. Сондай-ақ, конференцияға қатысуға Еуропалық Комиссияның білім беру, аудиовизуалды құралдары және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігі, Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі, шет мемлекеттер елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Конференция келесі секциялар бойынша жұмыс жасайды:

1-секция. ЖОО мен қоғамның өзара әрекеттесуінің құралдары мен тәжірибесі.

2-секция. Әлеуметтік даму негізіндегі университеттер мен бизнестің серіктестігі.

3- секция. Әлеуметтік әділеттілік пен теңдік.

Конференция жұмысы үш тілде өтеді: қазақ, орыс, ағылшын

Қатысу талаптары:

Конференцияға қатысқысы келетіндер 2019 жылдың 10 қазанына дейін мына электрондық поштаға karmelyuk_av@enu.kz жіберуі керек:

– рәсімделуде ұсынылатын талаптарға сәйкес келетін баяндама мәтіні.

– мақалаға пікірлеме-ұсыным.

Жоғарыда көрсетілген тармақтардың біреуі болмаса, материалдар жарияланымға қабылданбайды.

Тезистердің электрондық жинағы конференцияға дейін шығарылады. Конференция қорытындысы бойынша ISBN тағайындалуымен баспа жинағын шығару жоспарлануда.

Қабылданған материалдар редакцияның сараптамасынан өтеді және ұсынылған материалдар жариялау үшін конференция жинағына енеді. Сараптамадан өтпеген материалдар авторларға қайтарылмайды.

Конференция іс-шараларына қатысу тегін. Іссапар шығындары (жол жүру, тұру, тамақтану) конференция қатысушылары есебінен жүзеге асырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін Кармелюк Анастасияға 87172 709 498 хабарласыңыз. Эразмус + бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық кеңсесі, Наталья Бегалинова, 8 727 311 86 45.

Ақпараттық хат

Тіркелу

Қонақүйлер бойынша ақпарат