Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті келесі бағыттар бойынша постдокторлық бағдарламаға конкурс жариялайды:
1. Материалтану (нанотехнологиялар және наноматериалдар) – 1 орын.
Үміткерлерге қойылатын талаптар (мамандық, құзыреттілік, жұмыс тәжірибесі, ғылыми наукометриялық көрсеткіштер және т.б.):
· негізгі білімі «Химия», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Наноматериалдар және нанотехнологиялар», «Материалтану»;
· Хирша индексі – соңғы 5 жылда 3 кем болмау керек;
· Scopus немесе Web of Science мәліметтер базасына кіретін нөлдік емес импакт-факторы бар жарияланымдар саны – соңғы 5 жылда кемінде 5;
· нөлге тең емес мақалалар саны, егер өтініш беруші corresponding author болса – кемінде 1;
· ғылыми-зерттеу зертханасында 3 жылдан кем емес тәжірибесң бар болу керек;
· рентгендік дифрактометрия, ИК- және УФ-спектроскопия, рентген фотоэлектронды спектроскопия мәліметтерін дешифровка және өңдеу негіздерін білу;
· мәліметтерді өңдеу бағдарламаларымен жұмыс істеуді білу керек (Origin, ChemOffice және т.б.);
· командада жұмыс істеуге қабілеттілік пен өзін-өзі дамытуға, білім алуға және өзін-өзі сынап көруге ұмтылу; белсенді және позитивті өмірлік көзқарас.
2. Құрылыс (геотехника) – 1 орын.
Үміткерлерге қойылатын талаптар (мамандық, құзыреттілік, жұмыс тәжірибесі, ғылыми наукометриялық көрсеткіштер және т.б.):
· үміткердің азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс саласындағы, атап айтқанда топырақты қатыру саласындағы тәжірибесі болу керек;
· топыраққа геотехникалық зертханалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті білім мен дағдыға ие болу, СНиП, СН РК, EuroCode, ASTM және BS талаптары және әдістерімен таныс болу;
· мұздатылған топырақтар геотехникасының негіздерін, атап айтқанда топырақтағы ылғалдылық пен масса алмасуды есептеудің негізгі заңдылықтары мен параметрлерін білу;
· ағылшын тілін (IELTS сертификаты немесе шетел университетін бітіргені туралы диплом), қазақ (орыс) тілдерінде еркін сөйлеу;
· халықаралық рецензияланған журналдарда жарияланымдардың және халықаралық жобаларға қатысу тәжірибесінің болуы;
· алға қойылған ғылыми мақсаттарды жүзеге асыруда инженерлік міндеттерді өз бетінше шешу мүмкіндігі.
Конкурстық құжаттамамен «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де постдокторантура бағдарламасы туралы ережесімен» (бұдан әрі – Ереже) университеттің веб-сайтында (www.enu.kz) «Ғылым» бөлімінде, оның ішінде «Диссертациялық кеңестер» парақшасында танысуға немесе келесі сілтемеде көруге болады: http://www.enu.kz/downloads/iyun/polozhenie%20o%20programme%20postdoktorantury%20v%20evraziiskom%20natsionalnom%20universitete%20im.%20l.n.%20gumilyova.pdf
Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы керек:
– белгіленген нұсқа бойынша өтініш (Ереженің 2 қосымшасы);
– нақты ғылыми бағытты көрсете отырып постдокторантураға қабылдау туралы өтініш;
– кеңейтілген кәсіби түйіндеме – ғылыми төлқұжат (Ереженің 3 қосымшасы);
– жобаға қатысу үшін қажетті дағдыларды, жұмыс тәжірибесін көрсететін уәжделген хат (1000 таңбадан аспау керек);
– Web of Science, Scopus индекстелген журналдардағы маңызды және негізгі жарияланымдардың көшірмелері;
– ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе PhD докторы, бейіні бойынша доктор дәрежесі туралы дипломның көшірмесі. Ағылшын тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасымен бірге болуы керек;
– IELTS сертификаты;
– өз салаларындағы зерттеуші-ғалымдардың қолдары мөрмен куәландырылған екі ұсыныс (мүмкін болса).
Үміткерлерден барлық құжаттар сканерленген түрде 2019 жылғы 3 қазан, сағат 18.00-ге дейін келесі электронды пошта арқылы қабылданады: postdoc@enu.kz.
Барлық сұрақтар бойынша Ғылыми қызметкерлерді аттестаттау және постдокторантура бөліміне хабарласуға болады: 8/7172/ 709-500 (ішкі 31-436).