Құрметті ЕҰУ студенттері мен қызметкерлері! Сіздерге кампустық карта алу мүмкіндігі ұсынылады!

Кампустық карта – бұл:

1. Жалақы/шәкіртақы аударуға арналған карта

2. Университет ғимаратына кіру рұқсаттамасы

3. Студенттік билет + кітапханаға кіру рұқсаты

4. Тауарлар мен қызметтер ақысын төлеген кезде cashback – 1% дейін.

5. Шегерімдер мен жеңілдіктер ұсынылатын дисконт картасы. 

Картаны ресімдеу үшін Сіз қазірден бастап 1 қазанға дейін enu@bcc.kz поштасына өтінім жібере аласыз. Өтінімде келесілерді көрсету/қоса тіркеу қажет:

1. Өлшемі 3×4 см/3,5х4,5 см, форматы png, jpeg, jpg. фотосуретті (төменде көрсетілген үлгіге сәйкес) жіберіңіз:

2. Хат тақырыбында толық аты-жөніңізді көрсетіңіз;

3. Хат мазмұнында аты-жөніңізді, ЖСН, ұялы телефон нөмірін, тұрғылықты мекенжайыңызды көрсетіңіз.

4. Егер сіз қызметкер болсаңыз, өтінімде қызметкер екеніңізді көрсетіңіз.

5. Егер сіз ЦКБ картасын шығару туралы өтінішті әлі бермеген болсаңыз, жеке куәлігіңіздің электрондық көшірмесін (екі жағын) қоса тіркеңіз.

 

Өтінімді ресімдеу үлгісі:

Сұрақтарыңыз болса, 505 (мобильді телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласыңыздар.

 

Сіздің ЦентрКредит Банкіңіз