«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жұмыстың мерзімі 9 тамыздан 30 тамызға ауыстырылды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Персоналды басқару қызметі «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қатысушыларына сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді өткізу туралы 2019 жылғы 5 маусымдағы келісім негізінде ұйымда ұйымдастырылатын жұмыстың мерзімі уақыттың жеткіліксіздігін, жұмыскерлердің жазғы демалыста болуларын ескере келе, 2019 жылғы 9 тамыздан 30 тамызға ауыстырылғандығын хабарлайды.