«Сәкен Сейфуллин: ұлттық рух және ұрпақтар сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, аса көрнекті ақын және жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Сәкен Сейфуллин: ұлттық рух және ұрпақтар сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

Секция 1. Жаһандану дәуіріндегі тіл білімінің өзекті мәселелері

Секция 2. Қазақ әдебиетінің даму үдерісі: кеше және бүгін

Секция 3. Сәкен Сейфуллиннің қайраткерлік келбеті

Конференцияны өткізу 2019 жылдың қазанына жоспарлануда. Өткізу күні қосымша хабарланатын болады.

Конференция бағдарламасына пленарлық (ұйымдастыру комитетінің шақыруы бойынша) және секциялық баяндамалар енгізіледі.

Конференция жұмысына қатысу формасы: келіп қатысу және сырттай.

Баяндама жариялау шарттары: Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш пен мақаланы sakenkonf@mail.ru электронды поштасына толтырып жіберу керек. Материалдарды қабылдау мерзімі – 2019 жылдың 5 қыркүйегіне дейін.

Байланыс мәліметтері:

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Қарағанды қ., Н.Гоголь көш., 34, 8(7212) 54-74-76, 8 7783552180, Б.Алтынбек

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28

8 (7212) 35-64-93 – Касымов Серик Сагимбекович, Ранова Гулден Аманбаевна.

 

Ақпараттық хат