Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 2019 жылғы 20 қыркүйекте «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция жұмысы келесідей секциялар бойынша жүргізіледі:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық дамуы;
- Қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру келешегі және қылмыстылықтың алдын алу проблемалары;
- Қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-процестік, криминалистикалық және жедел-іздестіру аспектілері;
- Мемлекеттік басқару, әкімшілік заңнаманы жетілдіру және ІІО-ның әкімшілік қызметі мәселелері;
- Қазіргі кезеңдегі мемлекеттің азаматтық заңнамасын жетілдіру және әлеуметтік-экономикалық дамуы;
- Құқық қорғау органдарының арнайы, дене және психологиялық дайындығы;
- Заңгерлік тіл мәдениеті.
Конференцияның жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2019 жылғы 25 шілдеге дейін мыналарды ұсыну қажет:
– қатысуға өтінім (үлгі қоса тіркеледі);
– қағаз және электрондық тасымалдағыштардағы мақала (талаптар қоса тіркеледі);
– мақала талқыланған кафедраның (орталықтың) отырысынан хаттамадан үзінді;
– ғылыми дәрежесі жоқ тұлғалар үшін ғылыми мақала тақырыбы бойынша ғылым кандидатынан (докторынан) оң рецензия.
Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған және талаптардың бұзылуымен рәсімделген мақалалар жарияланбайды.
Конференцияға қатысушылардың жол жүруімен, жүріп-тұруымен және тамақтануымен байланысты шығыстары іссапарға жіберетін талаптардың есебінен жүзеге асырылады.