2019 жылғы 15 қарашада «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

2019 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар – ғылым қызметкерлерімен қатар, құқық қорғау жүйесінің тәжірибелік органдарының қызметкерлері, мамандар мен сарапшылар, оқытушылар, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалым құқықтанушылары қатыса алады.

Конференция жұмысы келесі басты бағыттар бойынша жоспарланып отыр:

1. Құқық қорғау органдарында әкімшілік қызметті жетілдірудің құқықтық аспектілері.

2. Қазақстан Республикасында және шетелдік елдерде қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқарушылық саясатты жүзеге асырудың заманауи үрдістері мен проблемалары. Құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықтың алдын алуы.

3. Қылмыстық істер бойынша заманауи сотқа дейінгі іс жүргізулерді жаңғырту және қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігі.

4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің психологиялық, арнайы, дене дайындығы және заңгердің тіл мәдениеті.

5. Мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық қызмет.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Ұсынылған материалдар конференция жұмысы басталғанға дейін жарияланады.

Қатысу шарты: конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 30 қыркүйегінен кешіктірмей, ұйымдастыру комитетіне өтінім мен мәтінді қағазға басылған және электронды тасымалдағыштар түрінде жолдау қажет.

Конференция қатысушылары тегін жариялана алады.

Ақпараттық хат