3 шілдеде «Химиялық элементтердің «Қазақстан» 4D периодтық кестесі» жобасының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтеді

Қолданбалы химия институты мен Нұр-Сұлтан қаласының Оқушылар сарайы бірігіп ұйымдастырған Химиялық элементтердің «Қазақстан» 4D периодтық кестесінің ашылу салтанаты мен жарыс жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасына 2019 жылдың 3 шілде күні сағ. 10.30-да университеттің студенттері мен оқытушыларын, және барлық қызығушылық танытқандарды шақырамыз!

«Химиялық элементтердің «Қазақстан» 4D периодтық кестесі» атты жобасы еліміздің жер асты байлығы мен оның жер қыртысы табиғатта кездесетін барлық химиялық элементтерге толы екендігін насихаттау идеясынан туындап отыр. Бұндай периодтық кесте Қазақстанда аналогы жоқ жылғыз туынды болып саналады. Идея авторы – Қолданбалы химия институтының негізін салған және химия ғылымын дамытуға өзіндік қолтаңбасымен үлес қосып келе жатқан х.ғ.к., PhD Ерлан Мэлсұлы Сүлеймен.

Нұр-Сұлтан қаласының Оқушылар сарайы жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары және жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері арасында химия бағыты бойынша «Химиялық элементтердің «Қазақстан» 4D периодтық кестесі» атты жобаға 25 желтоқсан – 26 мамыр аралығында байқау жариялаған болатын.

Байқау шарттарына сәйкес қатысушылар Қазақстанда кездесетін барлық химиялық элементтерді көрнекілікпен таныстыру мақсатында интерактивті карта жобасын ойластыру керек еді. Ол картада келесідей мәліметтер болуы шарт еді: – Қазақстан территориясы көрсетілген карта; – әр химиялық элементке жеке арналған ұяшықтардан тұратын сөре; – сөреде сол химиялық элемент құрамында бар заттың орналастырылуы; – жобаның интерактивті болу жағы ескерілуі. Қосымша ретінде жобаның жұмыс істеу принципі түсіндірілген мини-реферат.

Жобаның мақсаты: оқушылар мен студенттердің шығармашылық қабілетін ашу, жастардың химия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және ынталандыру, патриоттық сезімге баулу болып табылады.

Байқау Нұр-Сұлтан қ. «Оқушылар сарайы» МКҚК мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қолданбалы химия институты бірігіп жасалған туынды болып табылады.

Ашылу салтанатына ғалымдар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ЮНЕСКО өкілдері, РФ елшілігінің кеңесшісі және БАҚ өкілдері шақырылады деп жоспарлануда.