Назар аударыңыз! Конкурс!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылым департаменті ректордың 12.06.2019 жылғы №809-п бұйрығының негізінде постдокторантура бағдарламасына конкурс жариялайды.

Осыған орай, факультет декандары, ғылыми ұжымдардың/жобалардың жетекшілері 15 күннің ішінде перспективті ғылым салалары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру үшін қажетті постдок санына өтінім ұсыну қажет (Ережеге 1 Қосымша).

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде постдокторантура бағдарламасы туралы Ережемен» (П ЕНУ 21-19) университет сайтындағы «Ғылым» парақшасында («Диссертациялық кеңестер»сілтемесі бойынша) танысуға болады.