«Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы маусымның 25-26 күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты: білім беру, оқу әдебиеттерін әзірлеу мен сапасын бағалаудың өзекті мәселелерін талқылау.

Конференцияның мақсатты аудиториясы:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен оның бағынысты ұйымдарының қызметкерлері;

Қазақстандық және халықаралық ғылыми орталықтар мен білім беру ұйымдарының өкілдері;

білім беру ресурстарын әзірлеуші отандық және шетелдік баспалардың өкілдері, оқу әдебиеттерінің авторлары мен сарапшылары;

мектепке дейінгі тәрбие мен білім, орта білім, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту ұйымдарының өкілдері.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Жаңартылған мазмұндағы оқу әдебиеттерін әзірлеу мен оқу процесіне енгізу: жинақталған тәжірибені талдау және оқу әдебиеттерінің сапасын жетілдіру келешегі.           

2. Оқу әдебиеттерін сараптау тетіктерін жетілдіру.

3. Білім беру ресурстарын жаңғырту – жаңа білім мен үздік білім беру тәжірибелерін меңгерудің даңғыл жолы.

4. Электрондық білім беру платформаларын әзірлеу мен енгізу мәселелері.

5. Оқу әдебиеттерін латын әліпбиіне көшірудің әдістемелік мәселелері.

Конференция білім беруді дамыту мен беру ресурстарын жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылау, мұғалімдерді жаңартылған мазмұндағы оқулықтармен оқыту ерекшеліктерімен, әдістемесімен және технологиясымен таныстыру алаңы болып табылады.

Конференция аясында «Сараптаманың институционалды және технологиялық әлеуетін арттыру мен стандарттарды (талаптарды) жаңарту арқылы оқулық сапасының ұлттық жүйесін жетілдіру» Дүиежүзілік банкпен бірлескен жобасының таныстырылымы ұйымдастырылады. Конференция бағдарламасында ғылыми және стендтік баяндамалар, оқулық авторларының брифингі, оқу процесін ұйымдастыру бойынша шеберлік сыныптары, 4, 9, 10-сынып оқулықтарының көрме-таныстырылымы, оқу әдебиеттерінің авторлары мен сарапшыларына арналған оқыту семинарларын ұйымдастыру жоспарланған.

Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдары бойынша электрондық форматта (PDF) ISBN берілген конференция жинағы шығарылады.

Конференцияға қатысу туралы өтінімді және баяндама тезистерін немесе ғылыми мақалаларыңызды төменде берілген үлгіге сәйкес 2019 жылғы 10 маусымға дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберу қажет: conference_2019@bk.ru.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: +7 (7172) 769036, +7 (7172) 769061, +7 705 4406874, +7 707 2106415.                                          

 

Ақпараттық хат