Еуразия ұлттық университетінің құрметті студенттері мен қызметкерлері! Кампустық карталарды шығару үшін фотосуреттерді жинау басталғанын хабарлаймыз.

Кампустық карта дегеніміз – бұл:

1. Жалақы/шәкіртақы аударуға арналған төлем картасы

2. Университет ғимаратына кіру рұқсатнамасы

3. Студенттік билет

4. Университеттің кітапханасына кіруге арналған оқу билеті

5. 1% дейін Cash-back.

6. Банк пен оның серіктестерінің арнайы ұсыныстарының аясында шегерімдер мен жеңілдіктер алу үшін дисконттық карта.

ЦентрКредит Банкінің төлем карталарын бұрын алған тұлғалар, Сіздерден фотосуреттерді 3×4 см/3,5х4,5 см өлшемімен png, jpeg, jpg. форматында төменде көрсетілген үлгі бойынша enu@bcc.kz пошталық мекенжайына жөнелтуді өтінеміз (үлгіні қараңыз):

Міндетті түрде көрсетілуі тиіс ақпарат:

1. Хабар тақырыбында: аты-жөні толықтай

2. Хабар мазмұнында: аты-жөні, ЖСН, телефоны, тұратын мекенжайы.

3. Егер сіз қызметкер болсаңыз, онда Университет қызметкері екеніңізді көрсетіңіз. 

Егер сіз ЦКБ картасын шығару туралы өтінішті әлі бермеген болсаңыз, Сізге жоғарыда көрсетілген барлық деректерді көрсетіп және жеке куәлігіңіздің көшірмесін (екі жағын) қоса тіркеп, суретіңізді enu@bcc.kz поштасына жөнелту қажет.

Барлық сұрақтар бойынша 505 (мобильді телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласыңыздар.

Сіздің ЦентрКредит Банкіңіз