23 мамыр Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Свен-Олов Карлссонның дәрісі өтеді

Ағымдағы жылдың 23 мамырында халықаралық қатынастар факультетінде №1 оқу-әкімшілік ғимаратының 112 аудиториясында сағат 11.00-де Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Свен-Олов Карлссонның ЕО қызметінің мәселелері және ЕО мен Қазақстан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері туралы дәрісі оқылады. Бұл іс-шара Қазақстандағы Еуропа күндерін, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дағы Күлтегін күнін атап өтуге арналады.

Дәріске студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар және еуропалық тақырыптқы қызығушылық танытатын көпшілік шақырылады. Іс-шараның маңыздылығы – жас ұрпақтың Еуропалық Одақ туралы білімін кеңейту және ЕО қызметінің, Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынастардың маңызды аспектілеріне назар аудару болып табылады.