«Леонардо Да Винчи және Атлантик Кодексі: Орталық Азиядағы Әсері» атты халықаралық конференциясы өтеді

Биылғы жылы Еуропа Ренессансындағы абсолютті гений Леонардо Да Винчидің қайтыс болуының 500 жылдығы атап өтілуде. Осы іс-шараны атап өту үшін Италияның Сыртқы істер және Халықаралық ынтымақтастық министрлігі бүкіл әлем бойынша бірқатар бастамаларды жүзеге асыруда. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – итальяндық ұлы суретші мен ғалымның гениін мерекелеу.

Атап айтқанда, 2019 жылы 22 мамырда сағат 12:00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақстандағы Италия Елшілігі Миланның Амброзиан кітапханасымен ынтымақтастықта профессорлар Эдоардо Канетта мен Альберто Рокканың жетекшілігімен «Леонардо Да Винчи және Атлантик Кодексі: Орталық Азиядағы Әсері» атты халықаралық конференциясын ұйымдастырады.

Конференция аясында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің білім беру және әкімшілік ғимаратының Күлтегін атындағы атриумында университет ректоры Ерлан Батташұлының және Италияның Қазақстандағы елшісі Паскуале Д’Авино мен Италияның профессорлары Эдоардо Канетта және Альберто Роккалардың қатысуымен Леонардо Да Винчидің суреттер көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Қазақстандағы Италия елшілігінің бастамасымен Еуразия университетінде өтіп жатқан бұл іс-шараның ұйымдастырушысы Халықаралық қатынастар факультетінің шетел тілдері кафедрасы.

Көрменің салтанатты ашылу рәсімінен кейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратының 259 аудиториясында «Леонардо да Винчи және Атлантик кодексі: Орталық Азиядағы Әсері» тақырыбында конференция өтеді. Онда Италиядан келген құрметті қонақтар баяндама жасайды.

Баршаңызды осы іс-шараларға шақырамыз!