«Уран және мұнай өндіретін аймақтардағы медициналық-биологиялық және экологиялық мәселелер» VII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Астана медицина университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Радиобиология және радиациялық қорғау институты РРҚИ-дың 15 жылдығына арналған «Уран және мұнай өндіретін аймақтардағы медициналық-биологиялық және экологиялық мәселелер» VII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференцияның негізгі тақырыбы РҚК персоналының дозалық жүктемесін бағалау, аурулардың алдын-алу, адами ресурстарының денсаулығын сақтау және нығайту үшін радиациялық қатерді азайту тәсілдерін әзірлеу, радиоэкологиялық ахуал және РҚК-лардың әсер ету аумағында іргелес тұратын халықтың денсаулық жағдайы мәселелері болады.

Конференцияға танымал ғалымдар мен мамандар, дәрігер-профпотологтар, гигиенистер, ғалым-радиобиологтар, РҚК жұмыс берушілері шақырылады.

Конференцияның ашылу салтанаты 2019 жылдың 23 мамырында сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласы «АМУ» КеАҚ-тың ғимаратында (Бейбіишілік көшесі, 49а) өтеді.

Қатысушыларды тіркеу: сағат 9:00