Криминологиялық форум

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 2019 жылдың 29 мамырында сағат 10:00-де «Қоғамдық қауіптілік деңгейіне және басқа да криетрийлерге негізделген қылмыстардың, қылмыстық теріс қылықтың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың ара жігін ажырату және айқындау бойынша ғылыми және құқықтық тәсілдерді әзірлеу» тақырыбында криминологиялық форум жұмысына қатысуға шақырады.

Криминологиялық форум Парламент депутаттарының, Жоғарғы Соттың, Конституциялық Кеңестің, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдары, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, адвокаттардың қатысуымен өтеді.

Форумда келесі сұрақтар қарастырылады:

·  Қоғамдық қауіп-қатер – қылмысқа, теріс қылыққа және әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызу критерийлері;

·  Құқық бұзушылық біліктілік саласындағы құқық қолдану практикасындағы мәселелер;

·  Қылмыстық құқық бұзушылықтарды криминалдандыру және қылмыстықты жою;

·  Қылмыстық саясатты жетілдіру үшін перспективалық бағыттар.

Баяндама мәтіндері 2019 жылдың 24 мамырына дейін 7171134@prokuror.kz поштасына жіберу қажет.

Өтетін орны: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика, 16, мәжіліс залы