Құрметті әріптестер!
Сіздерді «Болашақтың соғыстары – Еуразиялық кеңістікте қорғаныс саясатын стратегиялық болжамдау және жоспарлау» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференция 2019 жылдың 24 мамырында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық Қорғаныс университетінде – 010000, Нұр-Сұлтан қ., Тұран даңғылы,72 мекен-жайында өтеді.
Конференция аясында мәселелерді келесі бағыттар бойынша талқылау жоспарлануда:
1. Еуразиялық кеңістікте қорғаныс саясатын стратегиялық болжамдау және жоспарлау
2. Қарулы Күштерін болашақ соғыстарда қолдану мәнмәтініндегі заманауи әскери өнердің теориясы. ХХІ ғасыр соғыстарының дәстүрден тыс түрлері
3. Ғылыми-техникалық прогрестің болашақ соғыстарындағы қарулы күрес сипатына тигізетін ықпалы.
Конференция жұмысы пленарлық отырыс түрінде өткізіледі.
Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 1 мамырына дейін қатысуға өтінімді ұйымдастыру комитетіне жіберу керек.
Басталуы: сағат 10:00
Байланыс: шетелдік қатысушылар үшін: 8 (7172) 26-36-87
отандық қатысушылар үшін: 8 (7172) 26-36-86 (ішкі: 13-626, 13-631).