«Білім мазмұнының жаңаруы аясында бағалау ерекшеліктері» атты семинар

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Автономды білім беру ұйымы арасындағы меморандумды жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 3 мамыр күні Сәулет-құрылыс факультетінде «Білім мазмұнының жаңаруы аясында бағалау ерекшеліктері» тақырыбында профессор-оқытушылар құрамына арналған семинар өткізіледі.

Баяндамашылар:

Сабақ түрлеріне қарай студенттердің білімін бағалау әдісі. Баяндамашы: Сәулет-құрылыс факультеті, «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Отарбаев Ч.Т. 

Семинарға қатысамын деушілерді және қызығушылық танытқан оқытушыларды шақырамыз. 

Өткізілетін орны: СҚФ, 5-қабат, 511 ауд.

Өткізілу уақыты: 2019 жылдың 3 мамыр, сағ. 11.00

Тіркелу: 10.30-11.00

Байланыс: +7 701 855 58 61 (Жұмағұлова Адия Асқарқызы)