«Невада-Семей»» халықаралық антиядролық қозғалысының 30-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Құрметті әріптестер! 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастыру орталығымен «Невада-Семей»» халықаралық антиядролық қозғалысы бірлесіп ұйымдастырған (2013-2022 жж.) «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» аясында өтетін «Невада-Семей»» халықаралық антиядролық қозғалысының 30-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияға қатысушылардың жол жүру және тұру шығындарын жіберуші тарап есебінен төленеді.

Егер Сіздің конференцияға қатысуға ниет білдірсеңіз, төмендегі кестені толтырып, 2019 жылдың 15 мамырына дейін жіберуіңізді сұраймыз.

Сонымен қатар, конференцияға даярлаған тақырыбыңыз бойынша баяндама жасағыңыз келсе 2019 жылдың 15 маусымға дейін тақырыпқа кіріспе жазып, (мына адрес бойынша: info.crckz@mail.ru ) жіберуіңізді сұраймыз.

Конференцияда сөйлейтін сөздер баяндамалар мен хабарламалар түрінде де, еркін түрде де ұсынылады. Берілген тақырыптар бойынша ғылыми пікірталастарға арналған уақыт көзделген.

Конференцияның тақырыбына сай келмейтін баяндамалар ұйымдастыру алқасы тарапынан қабылданбайды. Ұйымдастыру алқасы баяндамашылар санын қысқартуға құқылы. Бұл жағдайда баяндама жасап үлгере алмаған қатысушылар пікірталас барысында сөйлей алады.

Конференция жұмысы аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде қатысушылар баяндамаларын тапсыруы тиіс.

Конфренеция жұмысының қорытындысы бойынша ақпараттық материалдарды жариялау жоспарланып отыр: ЮНЕСКО Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығының сайтында сөйлеген сөздер жарияланып, конференция жұмысынан кейін жинақ шығарылып, бейне жазба жазылады.

Өтетін уақыты: 18 қыркүйек, 2019 жыл

Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша

Қатысушылардың келетін күні -17 қыркүйек, қайту күні – 19 қыркүйек, 2019 ж.

Байланыс: 

ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастыру орталығы

info.crc-kz@mail.ru

 

8 727 261 20 09

Крупко Игорь Владимирович

tengri95hismatulin@mail.ru

+7 7471324475

Байпакова Лидия Карловна

lbaipakova@mail.ru

+7 701 744 8796

Ақпараттық хат