24 және 25 сәуірде саясаттану кафедрасында докторант Лукаш Цимбалюктің (Польша) ашық дәрісі өтеді

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық келісімдер аясында көптеген шетелдік университеттермен ынтымақтасып келеді. Алмасу бойынша жылсайын бізге шетелдік студенттер келеді, ал біздің оқушыларымыз шетелге оқуға мүмкіндігі бар.

Академиялық ұтқырлық бағдарламаласы тек бакалавриат студенттері үшін ғана емес, сонымен қатар магистранттар, докторанттар мен оқытушылар үшін де қарастырылған.

Ағымдағы семестрде Польшаның жоғары оқу орындары мен университеттері арасында зерттеу әлеуетімен алмасу үшін бекітілген NAWA бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту үшін журналистика және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасына поляк докторанты Лукаш Цимбалюк келді.

Тағылымдама аясында саясаттану кафедрасы ағылшын тілінде ашық дәрістер өткізуді жоспарлап отыр.

Осыған байланысты студенттерден оқытушылар құрамына дейін барлық ниет білдірушілерді тыңдаушылар мен пікірталасқа қатысушылар ретінде қатысуға шақырамыз.

Ашық дәрістерді өткізу кестесі:

24 сәуір 2019 жыл- сағат 17: 00-19: 00, 311 каб. (№4 оқу ғимараты) – ” Еуропадағы Популизм»

25 Сәуір 2018 жыл-13: 00-15: 00, каб. 311 (№4 оқу ғимараты) – ” Bitcoin-крипто-валюта пайдаланудың саяси салдары».