«Ұлы Жібек жолы – бейбітшілік, келісім және тұрақтылық жолы» атты І Халықаралық конференция

2019 жылдың 19-20 қыркүйек күндері аралығында Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде І Халықаралық конференция өтеді. Конференцияның басты тақырыбы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы мақаласына негізделген «Ұлы Жібек жолы – бейбітшілік, келісім және тұрақтылық жолы» болды.

Конференцияның негізгі бағыттары:

– Ұлы Жібек жолының тарихи және мәдени мұрасы және әлемдегі өз аймағында, Қазақстанда туризмді дамыту.

– Түркістан Ұлы Жібек жолы тарихында.

– Ұлы Жібек жолы халықтарды біріктіру идеясы мен тәжірибесі ретінде.

– Ұлы Жібек жолының этносаралық және мәдениетаралық диалог пен мәдени алмасуды қалыптастыру, дамыту және қолдаудағы рөлі.

– Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау.

– Ұлы Жібек жолы бойындағы туризмді дамыту: проблемалары мен даму болашағы.

– Ұлы Жібек жолы аймағындағы туристік бағыттар: әлеуетті бағалаудан брендингке дейін. Ұлы Жібек жолы әлемдік туризмнің жаһандық бренді ретінде.

– Аймақтардағы және муниципалитеттерде туризмді дамыту жобаларын әзірлеу және енгізу тәжірибесі. Туризмге инвестиция салу Қазақстан мен өңірлердің келешегі.

– Қазақстандық және шетелдік ЖОО-лардың академиялық тәжірибесі, туризм үшін мамандарды даярлауда индустрия және инновациялық технологиялар бойынша мамандарды дайындау бойынша ұйымдар.

– Жібек жолы бойындағы елдер арасындағы білім беру саласында ынтымақтастықты арттырудың қазіргі жағдайы мен келешек келбеті.

– Жібек жолы бойындағы елдердегі білім берудің және экономиканың тұрақты дамуының мәселелері.

Конференция өткізу күні: 19-20 қыркүйек, 2019 жыл

Конференция өткізу орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Мәдениет орталығы, Бекзат Саттарханов даңғ., 29 В.

Назар аударыңыз:

– Конференцияға қатысудың электронды өтінімі мен мақала түйіндемесі 2019 жылдың 30 мамырына дейін жіберілуі тиіс;

– Қабылданған мақалаларды жариялау күні 30 маусым, 2019 ж.;

– Мақаланың электронды нұсқасы 07 шілде, 2019 ж. дейін қабылданады;

– Жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдері.

Электрондық мекен-жайы: silkway.2019konf@gmail.com

Конференцияға белгілі отандық және шетелдік ғалымдардың, орталық және жергілікті басқару өкілдерінің, этномәдени орталықтардың жетекшілері мен өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

Ақпараттық хат