Назар аударыңыз! ЕҰУ шевронына байқау жариялаймыз!

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шевронын жасауға байқау жариялаймыз.

Шеврон дегеніміз не? Бұл университеттің логотипімен және жалауымен қатар қойылатын графикалық айрықша белгісі бар таңба. Қысқаша айтқанда, ЖОО елтаңбасы. 

Байқауға бір немесе бірнеше адамнан құралған топтар қатыса алады. Ең бастысы – креативті ойларыңыз бен ерекшеліктеріңізді көрсете білсеңіздер болғаны. 

Шевронның өлшемі – 80*60 мм. Кез келген графикалық бағдарламада жасалынуы мүмкін (Photoshop, Corel Draw және т.б.). Сапасы 1200 пиксельден кем болмауы тиіс.

Өтетін уақыты: 2019 жылдың 17 сәуірі мен 17 мамыры аралығында. Жеңімпаз 23 мамыр күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің туған күнінде анықталатын болады. 

Жұмыстар мына пошта gumilyov.enu@gmail.com арқылы қабылданады.  

Байланыс: +7 (7172) 709520.

Instagram: @enugumilyov_official.