«Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңғыруының бағдарлары» атты Халықаралық ғылыми конференция

2019 жылдың 23 мамырында Еуразиялық интеграция институты «Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңғыруының бағдарлары» атты Халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.

Конференция аясында пленарлық отырыс пен үш панельдік сессия өткізу жоспарлануда:

1. «Қазақстанды жаңғыртудың саяси және әлеуметтік-мәдени трендтері»;

2. «Жаңғырту күн тәртібінің өзекті мәселелері: әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік»;

3. «Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру: әлеует және тәуекелдер».

Өтінімдер 2019 жылдың 17 мамырына дейін b.zhumagalieva@iei.kz электронды мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасы