«Құқық бұзушылықты ескерту мен алдын алудағы қоғамның рөлі және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылғы 15 мамырда Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысының прокуратурасымен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен бірге Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Құқық бұзушылықты ескерту мен алдын алудағы қоғамның рөлі және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысы келесі басты бағыттар бойынша жоспарланып отыр:

1. Құқық бұзушылықты ескертудегі қоғамның рөлі: құқық қорғау органдарына қоғамдық сенім білдіру қағидалары, мәселелері және оларды шешу жолдары

2. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өкілдік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың құқық тәртібі мен құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз етудегі бірлескен жұмысы.

3. Құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескерту жөніндегі қызметі: шындық және болжам.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Байланыс: +7 (7132) 97 29 18

E-mail: ooniirir@yandex.kz

 

Ақпараттық хат