«Құқықтың өзекті мәселелері: жетістіктері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылғы 6-7 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ақтөбе қаласының 150 жылдығына және Жастар жылына арналған «Құқықтың өзекті мәселелері: жетістіктері мен келешегі» тақырыбында жас ғалымдардың, мамандардың және оқытушылардың, сонымен қатар адъюнкттердің , ізденушілердің, магистранттардың, докторанттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

2019 жылғы 6 маусымда – конференция қатысушылары арасында жағажай волейболынан және мини-футболдан халықаралық спартакиада (6 адамнан құралған команда, спорттық киімде).

2019 жылғы 7 маусымда – «Құқықтың өзекті мәселелері: жетістіктері мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өтеді:

1. Әкімшілік құқықтың және әкімшілік қызметтің өзекті мәселелері

2. Қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамаларын және криминологияны жетілдірудің болашағы

3. Қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғырту және қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігін арттыру жолдары

4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің психологиялық, арнайы және дене шынықтыру даярлығы және заңгердің тіл мәдениеті

5. Мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық қызмет: жетістіктері мен келешегі.

Конференция тілі: қазақ, орыс және ағылшын.

Өтінімдер 2019 жылғы 1 мамырға дейін қабылданады.

Байланыс: +7 (7132) 97-29-18

e-mail: ooniirir@yandex.ru.

 

Ақпараттық хат