«Өзін-өзі тану» пәні бойынша VII Республикалық олимпиада

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2019 жылғы 18-19 сәуір аралығында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы 3 курс студенттерінің арасында VII Республикалық олимпиада өтеді. Олимпиадаға 2019 жылғы 18-19 сәуір ҚР жоғары оқу орындары жіберген, құрамы олимпиаданың бірінші кезеңінің (институтішілік) қорытындылары бойынша құрылған командалардың қатысуымен республикалық олимпиаданың екінші кезеңі өтеді.

Республикалық олимпиаданың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Ұйымдастырушы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ.

Алқа құрамында рухани-адамгершілік білім беру саласындағы мамандар, жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, «Өрлеу» орталығының тренерлары және практикалық қызметкерлер болады.

Олимпиадаға Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарындағы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттерінен құрылған бірнеше команда құрамалары қатысады.

Республикалық олимпиаданың аясында төмендегі шаралар өтеді:

·         Республикалық олимпиаданың салтанатты түрде ашылуы;

·         ғылыми жобаларды қорғау;

·         өзін-өзі тану сабағынан үзінді көрсету байқауы;

·         өмірлік жағдаяттарды сахналау байқауы;

·         олимпиада туралы бейнетаспа, суретке түсіру рәсімін өткізу;

·         экскурсиялық және мәдени бағдарламалар;

·         студенттердің жобалары және шығармашылық жұмыстары туралы көрме қою;

·         Республикалық олимпиаданың қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау және естелік сыйлықтар табыс ету;

·         ғылыми жоба және шығармашылық эсселер жинағын шығару жұмысын ұйымдастыру

Басталуы: 9.00 сағ.

Өтетін орны: ӘҒФ 106 аудитория

Байланыс: 8 (7172)-70 95 00 (-35210), e-mail: kafedra_ped@enu.kz