Шығармашылық саладағы жас кәсіпкерлерге арналған тренинг

Шығармашылық саладағы (жарнама және маркетинг, дизайн, сәулет, IT, музыка, би, қолөнер, суретшілер, фрилансер және т.б.) кәсіпкерлерді Британдық Кеңестің Creative Spark жобасының аясында өткізілетін тренингке қатысуға шақырамыз.
Егер сізде:
– бизнес идея мен 3 адамнан тұратын командаңыз болса;
– және де ағылшын тілін білсеңіз (әр топтан бір адам)
Біз сізді күтеміз!

Тренингтің соңында Британ Кеңесінің Big Idea Chalange халықаралық байқауына қатысу үшін 10 топ іріктеледі, (жалпы жүлде қоры 25 000 фунт стерлинг).
Ұйымдастырушылар – Л.Н. Гумилев ЕҰУ, Бирмингем университеті (Ұлыбритания) және Оксфорд Брукс Университеті (Ұлыбритания), Нұр Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, «Атамекен» ҰКП, «Даму» Қоры, Астана Хаб, Қазақстандық франчайзинг қауымдастығы және т.б.
Өтетін орны: Hilton Garden Inn қонақ үйі, конференц-зал (Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 15).
Уақыты: 2019 жылғы 16 сәуір, 9: 00-ден 18: 00-ге дейін.
Тіркелу мен байқау шарттары https://www.creotalents.com/ сайтында.