2019 жылдың 10-13 қазан аралығында Алматы қаласында (Қазақстан) Университеттік спорттың халықаралық федерациясы мен Дене шынықтыру және спорт университеттері халықаралық ассоциациясының қолдауымен «Университеттік спорт: денсаулық және ұлттық өркендеу» атты IX студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Студенттік спорттық қозғалыс: тәжірибесі, мәселелері, болашағы.
2. Қимыл белсенділігі және студенттер денсаулығы. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық технологиялар.
3. Спортшыларды студенттік спортқа даярлау жүйесі.
4. Рекреация және спорт. Спорттық-сауықтыру туризмі.
Конференцияның ресми тілдері: ағылшын, орыс, қазақ.
Конференцияның өткізілу уақыты – 10-13 қазан 2019 ж.
Өтініш беру уақыты – 2019 жылдың 15 мамырына дейін.
Конференция материалдарын беру мерзімі – 2019 жылдың 15 маусымына дейін.
Электрондық пошта: unisport.kazast@gmail.com