ЕҰУ-де кітап алмасу акциясы өтеді

Құрметті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері!

Жастар жылы аясында «Болашақ» Қауымдастығы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен бірлесіп, 2019 жылдың 11 сәуірінде сағат 10.00-18.00-ге дейін университеттің бас ғимаратының атриумында кітап алмасу акциясын өткізеді.

Акция «Bolashaq books» әлеуметтік жобасы аясында «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің Қазақстан халқының оқу мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шараларының бірі болып табылады.

Осы Акцияға сіздерді қатысуға шақырамыз!