Жалпыресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (ВЦИОМ) басшылығымен кездесу

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті Әлеуметтану кафедрасы Ғылым декадасы шеңберінде Жалпыресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (ВЦИОМ) басшылығымен кездесу ұйымдастырады.

Федеров В.В. «Ресейдегі қоғамдық пікір: трендтер, перспективалар және зерттеу әдістері» тақырыбында дәріс өткізеді.

Кездесу барысында келесі сұрақтар талқыланады:

–  Қазіргі ресейлік қоғамының негізгі даму трендтері;

–  Әлеуметтік өзгерістерге ықпал ететін факторлар;

–  Қоғамдық пікірді зерттеудегі жаңа әдістер;

–  Жақын және ұзақ мерзімдегі болашақта қоғамдық дамуды болжау.

Осы және басқа сұрақтарға Жалпыресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (ВЦИОМ) басшысы, саяси ғылымдарының кандидаты Федоров Валерий Валерьевич жауап береді.

Өткізу күні мен орны: 11 сәуір 2019 жылы, сағат 15.30, №4 оқу ғимараты, 106 аудитория.